Австралиялық радио хабарларын жүргізуші 24 сағат бойы сұхбат алды

АСТАНА. 12 желтоқсан. ҚазАқпарат - Австралиялық ABC корпорациясының радио хабарларын жүргізуші Ричард Гловер 24 сағат бойы сұхбат жүргізу арқылы Гиннесстің рекордтар кітабына енді,

деп хабарлады Би-Би-Си.

Гиннесс қауымдастығы өкілдерінің шарты бойынша қойылатын сұрақтар қайталанбауы тиіс еді. Жүргізушінің сұрақтарына жазушы Питер Фитцсимонс жауап берді. Сұхбат дүйсенбі күні 08.00 - де аяқталды.