BRW басылымы Австралияның бай адамдарының жыл сайынғы рейтингісін әзірледі - онда 29,17 миллиард австралиялық доллар (28,52 млрд. доллар) дәулетімен Райнхарт бірінші орынға шықты.
Forbes нұсқасы бойынша, 2012 жылғы наурыз айындағы мәлімет бойынша әлемнің ең бай әйелі 25,3 миллиард доллармен Walmart компаниясының иесі Кристи Уолтон аталған болатын. Райнхарттың байлығын американдық басылым 18 миллиард долларға бағалап отыр.
Миллиардер әйел өткен жылы 10,3 миллиард австралиялық доллармен BRW Rich 200 тізімін бастаған алғашқы әйел, сондай-ақ Австралияның алғашқы тұрғыны болды. Миллиардердің байлығы оның төрт баласының талап етумен сот үдерісінде біршама қысқаруы мүмкін. Олар Райнхартты әкесі негізін қалаған қордың сенімді қамқоршысы мәртебесінен айырмақ.