Австралиялық серфердің ажалы акуладан келді

АСТАНА. ҚазАқпарат - Австралиялық серфер Жаңа Каледонияда акуланың шабуылы салдарынан ажал құшты, деп хабарлайды The Sydney Morning Herald.

50 жастағы ер адам жағажайлардың бірінде кайтсерфингпен шұғылданған. Суға түскен сәтте оған акула шабуыл жасады. Ер адам жамбасынан ауыр жарақат алған. Құтқарушылар қайықпен оны жедел жәрдем көлігі күтіп тұрған жақын маңдағы портқа апарды. Бірақ ол алған жарақаты салдарынан көз жұмды.

Оқиғаны көрген жандардың айтуынша, шабуыл жасаған акула өте ірі болған.