Бір тәулік ішінде роликті шамамен 2,5 миллион адам тамашалаған, деп хабарлады Mashable.
Видео DC Shoes фирмасының қолдауымен түсірілді. Pipe Dream ("Орындалмас арман") деп аталған кадрларда спортшы қатты жылдамдықта мотоциклімен мұхитқа кіргені көрсетілген. Алайда австралиялық жай жүріп қана қоймай, толқындарда қиын трюктер жасады.
Жоба авторларының сөздеріне сенсек, байкты жабдықтау мен трюкке дайындалуға екі жылдай уақыт кеткен.