Австралиялық жүндес қой 30 адамды «киіндірді»

None
АСТАНА. ҚазАқпарат - Қой қырқу бойынша Австралия чемпионы Иэн Элкин меринос қойынан 40 келі жүн қырқып, әлемдік рекорд орнатты.

Жануарлар құқығын қорғаушылардың талабы бойынша қойға наркоз жасалды. Элкин 47 сантиметрлік жүннен қойды арылту үшін 45 минут уақытын арнады.

Ассошиэйтед Пресс агенттігі 40 келі жүннен 30 күрте тоқуға болатынын санады. Қырыққаннан кейін қой жарты салмағынан айырылды.

Осыған дейінгі рекордта Шрек есімді жаңазеландиялық қойдан 27 келі жүн қырқылған.