Australian газетінің жазуынша, 27 жастағы Кристен Шредер мен 30 жастағы Пол Россингтон кемеде отбасымен және достарымен саяхаттап жүрген. Кемедегі бейнекамерадағы жазбада саяхатшылардың Carnival Spirit бортынан суға секіріп кеткендігі байқалады. Кейбір мәліметтерге қарағанда, олар өз бастарын өлімге тігуі мүмкін.
Саяхатшылардың жоғалып кеткендігі сәрсенбі күні кешке кеме Сидней айлағына келіп тоқтағанда ғана белгілі болған.