Австралиялдық отбасы унитаз арқылы үйге кіріп кеткен бойганы ұстау үшін арнайы маманды шақыртқан.
Жылан аулаушы Тони Харрисон (Tony Harrison) улы жәнтікті қалай ұстағандығын Facebook арқылы көрсеткен. Ол жыланды 3 минуттың ішінде торға түсірген.
«Таңертең ұйқыдан тұрып, унитазға отырған кезде, жылан шыға келеді. Осы оқиғаны көз алдыңызға елестетіп көріңізші» деп түсініктеме береді Харрисон.