Австралиялықтар Антарктидадан алмас тапты

АСТАНА. 18 желтоқсан. ҚазАқпарат - Австралия геологтары алғашқы рет Антарктидадан құрамында алмасы бар тау жыныстарын тапқандарын мәлім етті.

Зерттеушілер құнды жынысты континенттің шығысындағы Принс-Чарльз тауларынан тапқан, деп хабарлайды ВВС Орыс қызметі.

Еске сала кете жайт, халықаралық келісімге сәйкес Антарктидада пайдалы қазбалар кен орнын өңдеуге тыйым салынған.