Австралияның атақты әйел спортшысы қайтыс болды

АСТАНА. ҚазАқпарат - Австралияның ең мықты спортшысы атанған келіншек 32 жасында қайтыс болды, деп хабарлайды ресейлік lenta.ru.

Австралияда  бодибилдинг бойынша ел чемпионы 32 жастағы Энди Пейдж (Andy Page) қайтыс болды, деп жазды Daily Mail газеті.

Басылым оны  «фитнес шебері» және «елдің спортпен ең көп шұғылданатын тұрғыны» деп атады.

Қазіргі уақытта Голд-Кост қаласының полиция бөлімі әйелдің беймезгіл өлімінің себебін анықтау үшін тергеу жұмыстарына кірісті.