Бұған дейін болмаған күннің ыстығы ел аумағын түгел дерлік қамтыды. Онымен бірге Австралияда бірнеше апта бойы орман өрттері өршіп тұр.
Құтқарушылар Жаңа Оңтүстік Уэльс және Виктория штаттарында тілсіз жаумен күресуді жалғастыруда. Мәселен кеше, орын алған өрттің салдарынан бір адам мерт болып, бірнеше үй отқа оранды.