деп хабарлайды австриялық бұқаралық ақпарат құралдары.
Компания қызметкерлері мен басшылығының арасындағы жанжал, «Австрия әуе желілерінің» елдегі инфляцияның өсуіне байланысты жалақыларына екі пайыздық үстеме сұраған жердегі қызметтердің талаптарын орындаудан бас тартуына байланысты туындап отыр. Компания басшылығы қызметкерлерден 2012 жылға дейін жасалған келісімшарттың орындауларын талап етуде. «Австрия әуе желілерінің» ұстанымы бойынша, компания өз қызметкерлерінің жалақыларын тек 2012 жылы ғана көтере алады.
Желтоқсан айының бас кезінде өткен ішкі консультациялардың қорытындысы бойынша, компанияның жердегі қызметтерінің кәсіподағы келіссөздерді тоқтатты, бірақ рождестволық мерекелер мен жаңажылдық демалыс күндері кезеңінде бұрынғы режимде жұмыстарын жалғастыру туралы шешім қабылдады. Кәсіподақ өкілдерінің айтуынша, ереуіл 2011 жылдың қаңтар айында өткізілуі ықтимал.