Бұл туралы Қазақстан Президенті Нұрсұлтан Назарбаевпен шағын және кеңейтілген құрамда өткен кездесулерден кейін «Хофбург» сарайында өткен брифингте Австрия Республикасының Федералды президенті Хайнц Фишер мәлімдеді.
«Біз түрлі халықаралық комитеттерге сайлауларда бір-бірімізге қолдау көрсетіп отырамыз, атап айтқанда, Австрия ЮНЕСКО бүкіләлемдік мұралары комитетіне Қазақстанның кандидатурасын қолдайды. Австрия сондай-ақ 2017 жылы «ЭКСПО» көрмесінің Қазақстанда өткізілуіне оң көзқарас білдіреді. Бұдан басқа, Австрия Қазақстанға БҰҰ-ның Бала құқықтары жөніндегі комитетіне австриялық кандидатқа қолдау көрсеткені үшін алғыс білдіреді және Қазақстанның БҰҰ-ның Адам құқықтары жөніндегі комитетіне кандидатурасын ұсынғанына оң қызығушылық танытуда», - деп атап өтті Х.Фишер.
Оның пікірінше, болашақта бұл Австрия мен Қазақстан арасында адам құқықтары саласындағы диалогты кеңейтіп, оң нәтижелерін береді.