«Мен Қанат Саудабаевты оның басшылығы арқасында ЕҚЫҰ осы жыл ішінде қол жеткізген жетістіктерімен құттықтадым, - деп атап өтті М.Шпинделеггер. - Оның жұмысы төраға ретінде өте маңызды. Қ.Саудабаев ЕҚЫҰ алдында қазіргі уақытта тұрған ең басты проблемалардың бірі - Қырғызстандағы жағдайға байланысты ақпармен қамтамасыз етті».
«Біз биылғы жылы ЕҚЫҰ Саммитін өткізу перспективаларын талқыладық. Австрия Қазақстанның осы саммитті өткізу туралы ұсынысын қолдап отыр. Бізде Қазақстанмен қарым-қатынастар жақсы деңгейде, Австрия екіжақты қарым-қатынастарды, әсіресе экономикалық салада да кеңейтіп, нығайтуға дайынбыз. Осы сөзімізге дәлел ретінде, Астанадағы Сауда-өнеркәсіптік палатасының құрылуын атай аламыз. Бізде нақты жобалар көптеп болады деп үміттенеміз», - деді Австрияның Еуропалық және халықаралық істер министрі.