Гүл тасымалдауға арналған рефрижератормен Сириядан және басқа да елдерден 42 мигрантты әкеле жатқаны анықталды, олардың ішінде сегіз кәмелеттік жасқа толмаған бала, бес әйел бар.
Құқық қорғаушылар босқындарды Линц қаласындағы полиция бөлімшесіне жеткізді. Ол жерде босқындарға қажетті көмек көрсетіледі. Оларды дәрігерлер қарап шықты, жағдайлары қалыпты, ешкім зардап шекпеген. Бұдан басқа, тасымалдаушы Ирактың екі тұрғыны ұсталды, олардан бұл адамдарды қандай мақсатта, қайда апара жатқанын тергеп, жауап алуда.