Австрия саясатында әлеуметтік қорғау негізгі рөл атқарады - Ханс Георг Хайнрих

rong> Қарашаның  6-сы. ҚазАқпарат /Ерлік Ержанұлы/ - Австрияда мемлекет азаматтық ұйымдарды  дотациялап отырады. Бұл бүгін Алматыда өтіп жатқан «Қазақстан Республикасындағы азаматтық қоғам: ахуалы мен болашағы» деп аталатын халықаралық конференция кезінде айтылды,

 деп хабарлайды ҚазАқпарат.

"Еуропа үлкен  ғана емес, әртүрлі. Әр елдің өз ерекшелігі бар. Бұл  - халықты қызметпен қамтамасыз ету, қоғамның ұйымдастырылу құрылымы, қоғамдық саяси тұрақтылық, жергілікті биліктің автономиялығы, қаржыландырылуы, азаматтық қоғаммен қарым-қатынасы, халықтың сенімі сияқты факторларға байланысты.  Еуропа елдерінде азаматтық қоғамның - англосаксондық, дөңгелек үстел алаңындағы (Голландия), оңтүстіктік (Италия) және  мемлекеттік (Австрия)  моделдері бар. Австрия азаматтық ұйымдарды   дотацияландырып, осындай есеппен  наразылықтан қашады. Бұл жерде компартияның тарихи рөлі бар. Өткен ғасырдың 16-жылдарындағы төңкерістен кейін мұнда әлеуметтік қорғау бағдарламалары жүйелері енгізілген. Ол саясатта негізгі рөл атқарады. Көптеген шолушылар үшін кішкентай Австрияның экономикасының сәтті дамуы әлі күнге жұмбақ боп қалуда", дейді Еуроодақ - Ресей/ТМД озық және салыстырмалы зерттеулер халықаралық орталығының вице-президенті Ханс Георг Хайнрих. Оның айтуынша, бұған  3 фактор ықпал етуде. Бірінші, мемлекеттік әкімшілік шынында да сауатты және кәсіби жұмыс істейді. Екінші, екінші  Маршалл жоспары. Үшінші,   екінші дүниежүзілік соғыс кезіндегі неміс инвестициясы. Австрияның қоғамдық құрылымында  мемлекет дотациялап қана қоймай, табысты  қайта бөледі. Орта класс өзгелерді дотациялап отырады.

"Халықтың 40 пайызы мүлде салық төлемейді. Олар қайта мемлекеттен алады. Кейбір адамдар бұл әділетсіз, олар жұмыс істемей қаржы алады дегенді айтады. Бірақ  бұл олай емес. Олар жұмыс істейді әйтсе де жалақысы аз. Сол себепті де мемлекет кірісті қайта бөлуге мәжбүр болуда", дейді Ханс Георг Хайнрих.