Жол-көлік оқиғасы Венадан 60 шақырым жердегі Санкт-Пельтен қаласының маңында орын алған. Құтқару қызметінің хабарлауынша, көктайғақ пен қардың түсуінен 40 жүк көлігі мен бір жолаушылар автобусы және қалғаны жеңіл автокөліктер соқтығысып отыр. Белгілі болғандай, бірнеше адам жарақат алған.
Оқиға орнына 6 өрт сөндіру бригадасы мен бірнеше жедел жәрдем машиналары, сондай-ақ құтқару қызметінің тікұшағы келді. Айта кетейік, сейсенбі күні Австрияның оңтүстігіндегі автожол тоннельдерінде болған екі апаттың салдарынан 30 адам зардап шеккен еді.