Бұл жағдай бірнеше күн бұрын ғана көпшілікке белгілі болды және елде наразылық толқынын туғызды.
Әйел өткен жылдың қараша айынан бері Венаның солтүстік-батысындағы Кремс қаласында қамауда отыр.
Әлеуметтік қызметкер дабыл қаққаннан кейін оны полиция ұстаған.
Отбасынан бөлек тұратын баланың әкесі де полицияға жүгінді.
Бала табылған кезде ес-түссіз комада жатқан, дене температурасы небәрі - 26,8 градус, бірнеше ай азап көрген жеткіншек өлімнің аз-ақ алдында болған.
Бұл жайында журналистерге Төменгі Австрия провинциясының полиция өкілі Йоханн Баумшлагер айтып берді.
Бала шұғыл түрде ауруханаға жеткізілді, ал келесі күні анасы қамауға алынды.
Баумшлагердің айтуынша, әйел күн сайын баланың үстінен бірнеше рет салқын су құйып отырған, пәтердің терезелерін нөлден төмен ауа температурасында бірнеше сағат бойы ашып қойған.
Ол баланың физикалық тұрғыда қалпына келгенін, бірақ психологиялық жағдайы нашар екенін айтты.
Мамыр айының соңында әйел Жоғарғы сотқа шағымданып, бірнеше айдан бері себепсіз қамауда отырғанын айтқан, бірақ сот оның шағымын қабылдамай тастады.
Тергеу жаздың соңына дейін жалғасады. Содан кейін әйелге айып тағылады.