Онда Қазақстан командасы қыздар арасындағы бүгінгі сайысқа қатысқан жоқ. Бұл бәсекеде 16 елдің арасында 1-3 орынды Германия, Украина, Ресей спортшылары өзара бөлісті. Ал ерлер арасындағы сында қазір 15 команданың арасында қазақстандық бозбалалар да ел намысын қорғауда. Команда сапында бұл сайыста Максим Браун, Вадим Иванов, Владислав Лешко мен Вадим Юшин бақ сынауда. Кешегі эстафеталық жарыста 21 команданың арасында бойжеткендер де, бозбалалар да 12-ші орын алған болатын. Онда ел намысын Галина Вишневская, Елизавета Белченко, Анастасия Кондратьева мен Владислав Ананиев, Владислав Витенко, Василий Подкоритов қорғаған еді.
18:39, 01 Ақпан 2013
Австрияда биатлоннан жасөспірімдер арасында Әлем чемпионаты өтіп жатыр
АЛМАТЫ. 1 ақпан. ҚазАқпарат - Бүгін Австрияның Обертиллиахында жасөспірімдер арасында 25 қаңтарда басталған Әлем чемпионатының ақтық эстафеталық жарыстары өтіп жатыр.