Австрияда Моцарттың беймәлім туындылары орындалды

АСТАНА.  Тамыздың  3-і. ҚазАқпарат -  Австрияның Зальцбург   қаласында,  Вольфганг  Амадей Моцарттың    туған жерінде,    ұлы композитордың   бұған дейін   беймәлім  болып   келген   туындылары  орындалды.

Композитордың  фортепианоға арналған екі  композициясы    Моцарттың    халықаралық қорының  мұрағатында  ұзақ   жылдар бойы  сақталып  келген,  бірақ  олардың авторлығы басқа композиторға жазылып келген, деп хабарлайды Би-Би-Си телекомпаниясы.

Зерттеушілердің  пайымдауынша,  Моцарттың жаңа туындылары   композитордың  7-8 жасында     жазылған.  Ол  туындыларды  Моцарттың  әкесі    жазып  алған,  себебі  ол  кезде жас дарын    нота  білмеген.

Естеріңізге сала  кетейік,   осының алдында  Францияның  кітапханаларының бірінде   автордың  қолы қойылған  Моцарттың  белгісіз  туындыларының  қолжазбасы  табылған  болатын. Мамандардың айтуынша,  қолжазба   1791 жылы жазылған  болуы мүмкін.