14-18 жастағы жастар мен жасөспірімдер арасындағы байрақты бәсекеге 70 мемлекеттен 1 мыңнан астам спортшы қатысқан болатын. Онда спорттың 15 түрі бойынша медальдардың 63 жиынтығы сарапқа салынған еді. Өз қоржындарына 8 алтын 7 күміс, 2 қола медаль салған Германия спортшылары 1-інші орын алды. 7 алтын, 4 күміс, 4 қоламен Қытай екінші орын алса, жарыс қожайындары 6 алтын, 4 күміс, 3 қоламен үздік үштікті түйіндеді.
Ал 36 қазақстандықтар бұл додада спорттың 10 түрі бойынша бақ сынап, 1 күміс, 2 қола медальмен 23-інші орынға табан тіреді. Егер 30 елдің спортшылары ғана жүлделі орынға ие болғанын ескерсек, бұл көңіл қуантарлық жетістік. Өйткені көршілес елдерден тек Ресей (5) ғана біздің алдымызда тұр. Ұлттық құрама ертең таңға жуық Франкфурт-Алматы әуе бағытымен елге оралады.