Сайлау нәтижелерін қайта қарауға әсіре оңшыл австриялық еркіндік партиясы түрткі болды.
Оның үміткері Норберт Хофер «жасылдың» бұрынғы көшбасшысы Александр ван дер Белленнен небары 31 мың дауысқа артта қалды.
Алдын ала нәтижеде Хофер көш бастады, алайда өз бюллетендерін почта арқылы жіберген 750 мың сайлаушы дауысын есептегеннен кейін болжам өзгерді.
Еркіндік партиясының көшбасшысы Хайнц-Кристиан Штрахе дауыс беру рәсіміндегі көптеген заң бұзушылықтарды, оның ішінде почта арқылы бюллетендерді өңдеу кезінде бұзушылықтар болғанын мәлімдеді.
Австрия - парламенттік республика. Оның басшысы канцлер болып табылады. Австрия президентіне салтанатты рөл беріледі, ал еркіндік партиясы өз үміткерінің жеңісін алда 2018 жылы өтетін парламенттік сайлаудағы жетістік үшін трамплин ретінде қарауда.