Австрияда Вена балы дүркіреп өтті

АСТАНА. ҚазАқпарат - Вена мемлекеттік опера сарайында өтетін Еуропаның ең әсерлі кешіне 5 мыңдай адам қатысады,, деп хабарлады www.24.kz.

Балға келуші ханымдар мен мырзалар міндетті түрде сәнді көйлек пен фрак киюі тиіс. Салтанатты кешті Австрия президенті Хайнц Фишер ашып берді. Одан соң 17 мен 24 жас аралығындағы 180 қатысушы полонез биін орындады. Әрі қарай Вена мемлекеттік опера залын вальстың ырғақты әуені тербетті. Мерейтойлық кештің ашылу салтанаты француз дирижері Жорж Претр мен pумын әншісі Анджела Геоpгиудың сүймелдеуімен өтті. Балға арнайы шақырылған танымал тұлғалар арасында италиялық сәнқой, тележүргізуші әрі актриса Элизабетта Каналис та бар. Вена балын тек Австрияда ғана емес, сондай-ақ Нью-Йорк, Токио, Бангкок, Рим, Москва және Прагада өткізу үрдіске айналған.