Онда ел намысын қорғаған Алексей Сидоренко мен Александр Дьяченко үздік ондықтың қатарынан орын алып, 9-орынға табан тіреді. Олар жарыстың негізгі кестесінде 2 раундта американдық Кассей Джениннгс пен Кевин Вонгпен кездескен болатын. Бұл ойында АҚШ спортшыларына 1:2 есебімен есе жіберіп алған қазақстандықтар жүлделі орынға таласу мүмкіндігін қолдан шығарып алды.
19:34, 08 Тамыз 2011
Австрияда жағажай волейболынан «Үлкен дулыға» әлемдік сериясының кезеңдік жарысы өтті
АЛМАТЫ. 8 тамыз. ҚазАқпарат /Ерлік Ержанұлы/ - Тамыздың 2-7 күндері Австрияның Клагенфурт қаласында жағажай волейболынан «Ұлкен дулыға» әлемдік сериясының кезеңдік жарысы болды.