Австриядағы Қазақстан елшісі Е.Қазыханов Мемлекет басшысын елшіліктің 2010 жылда атқарған қызметі жайлы хабардар етті
15:00, 08 Ақпан 2011
АСТАНА. 8 ақпан. ҚазАқпарат - Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаев Қазақстан Республикасының Австрия Республикасындағы Төтенше және өкілетті елшісі Ержан Қазыхановты қабылдады.
Бұл туралы ҚР Президентінің баспасөз қызметі хабарлады.
Кездесу барысында Е.Қазыханов Президентті 2010 жылдағы елшіліктің атқарған қызметі туралы хабардар етті.