Австриялық азамат акулаға мінбекші болды

АСТАНА. ҚазАқпарат - Белгісіз австриялық азамат тағдырын сынамақ болып, тәуекелге бел байлады. Теңіздегі катерде болған азамат тап жандарынан акуланы көріп қалады. Кемеден суға секірген ол оған мінбекші болды, ал онымен кемеде болған достары оқиғаны видеоға түсірді.

«Акуланы мініп жүзу - австралиялықтардың ерлігін тексеретін сынақ болғандай», - деп атап өтеді Metro газетінің журналистері.

Басылымның ақпаратынша, бұған дейін осы айда бір австралиялық азамат жан-жағында акулалар жүзіп жүргеніне қарамастан, өлі киттің үстіне шықпақ болған. Тағы бір отандасы бұл теңіз жыртқыштарымен «тілдескісі» келді. «Бұл ақылсыз әрекет. Бірақ көзсіз батырды видеоға түсірген досының айтуынша: «мықтағанда акула қолыңды ғана тістеп, жұлып алады».

Қалай болғанда да, ер адам жыртқыштың үстіне отыра алмады. Ол суға секірген кезде, акула жылдам жүзіп кетті.

Алайда бұл «көзсіз батыр» үшін қуанатын жағдай емес. Ол жыртқыш балықтың оған зардап шектірмегеніне риза болуы тиіс. Жақында Филиппин жағалауында теңіз жыртқышын аулаған балықшылар оның ішінен адамның басы мен аяғын тапқан.