Австриялық азамат жертөлесіндегі Гитлердің портреті үшін сотталатын болды

АСТАНА. ҚазАқпарат - Австрияда режиссер Ульрих Зайдльдің «Жертөледе» деректі фильмінің экранға шығуынан кейін деректі фильмде көрсетілген нацистік атрибутика коллекциясының иесіне айып тағылды, деп хабарлады «ВВС».

Зайдльдің деректі фильмінде жертөледе түсірілген кадрлар бар. Онда бес ер адам Адольф Гитлер портретінің, нацистік форма кигізілген манекендердің жанында ән айтқан.

Прокурордың сөзіне қарағанда, фильм шыққан соң көрермендер шағым түсірген.

Зайдль фильмі көрсетілген соң жергілікті өзін-өзі басқару органының екі өкілі қызметінен айырылды.

1947 жылдан бастап, Австрияда нацизмді ақтау қылмыс болып саналады.