«Мен көптеген сайлауларда байқаушы болдым. Дегенмен сайлаушылардың ұзыннан-ұзақ кезекке тұрып, дауыс бергенін көрген емеспін. Мен бұрын да Қазақстандағы сайлауларды көрдім, бірақ сол кездерден бері сіздердің елдеріңіз үлкен жетістікке жеткен екен», - деп атап өтті К.Оллингер.
Оның айтуынша, сайлау науқаны тыныш өтті. Сайлаушылар сайлаудың маңыздылығы мен жауапкершілігін толық түсініп, өз кезектерін асқан сабырлықпен күтті. «Сайлауға келген адамдардың осыншама көптігі таң қалдырарлық болды. Сондықтан мен сіздерді осы сайлауда қол жеткізген жетістіктеріңізбен құттықтағым келеді», - деді К.Оллингер.