Австриялық экс-министр ЕҚЫҰ Бас хатшылығына өз кандидатурасын ұсынғалы отыр

ВЕНА. 21 желтоқсан. ҚазАқпарат /Тимур Бектұрғанов/ - Австрияның бұрынғы Сыртқы істер министрі Урсула Плассник Еуропадағы қауіпсіздік және ынтымақтастық ұйымының Бас хатшысы лауазымына өз кандидатурасын ұсынуды жоспарлап отыр, деп хабарлады Austria Press Agentur ақпарат агенттігі.

У.Плассник тәжірибелі дипломат, ол ЕҚЫҰ Бас хатшысының кандидатурасына қойылатын барлық талаптарға сай келеді және халықаралық саяси сахнада үлкен беделге ие.

ЕҚЫҰ Бас хатшылығынан австриялық дипломатпен бірге, неміс дипломаты, Қақтығыстардың алдын алу орталығының жетекшісі Герберт Зальбер мен БҰҰ-ның Косоводағы миссиясының жетекшісі итальяндық Ламберто Занньер де үмітті.

ЕҚЫҰ-ның іс басындағы Бас хатшысы Марк Перрен де Бришамбоның өкілеттік мерзімі 2011 жылдың маусым айында аяқталады. Ұйымға мүше 56 елдің өкілдері соған дейін жасырын дауыс беру жолымен кандидаттардың қатарынан жаңа бас хатшыны сайлауы керек.