Австриялықтар шоколадтан сыра қайнатты

АСТАНА. 27 ақпан. ҚазАқпарат - Зальцбургтағы австриялық сыра қайнатушылар әйелдердің ғана емес, сондай-ақ ерлердің де талғамынан шығатын жаңа сусын түрін ойлап тапты.

«Männerschokolade» (Ерлер шоколады) деп аталған жаңа сыраға какао қосылған.

Бұл сыраның дәмі сәл ащы, ол шоколад татиды, деп хабарлады Kedem .

Какао таза күйінде алғанда ащы болып келеді, ол сыраға «ерекше» дәм береді. 20 жылдан астам уақыт бойы сыра қайнатушылар какаомен тәжірибе жасап, шоколадты сыраның көптеген түрлерін жасап келеді.