Австрияның шығысында жүк көлігінде тұншығып өлген 50 босқынның мүрдесі табылды
03:46, 28 Тамыз 2015
АСТАНА. ҚазАқпарат - Австрияның шығысында тұраққа қойылған жүк көлігінің ішінен 50 босқынның мүрдесі шықты, деп хабарлайды Krone газетіне сілтеме жасаған Reuters агенттігі.
Алдын ала мәлімет бойынша, олардың көлік ішінде тұншығып өлгені айтылады.