Kurier басылымы өткізген пікірталас клубында Себастьян Курц мұсылман балаларға арналған балабақшаларды жауып тастауды ұсынды. «Мұсылман балалар бақшасы бізге керек емес. Мұндай балабақшалар елде мәдени және тілдік жағдайларда оқшаулануға алып келеді», - деді Австрияның сыртқы істер министрі.
Оның пікірінше, Еуропа құрлығы екінші дүниежүзілік соғыстан басталған көші-қон дағдарысынан, Таяу Шығыс пен Солтүстік Африка елдеріндегі қарулы қақтығыстар мен экономикалық проблемалардан зардап шегіп отыр.