«Менің жігітім Головкинмен жұдырықтасқысы келеді. Бұл оның бұрыннан бергі арманы», - деді промоутер Лу ДиБелла.
«Мен Головкин - үздік р4р боксшы деп санаймын. Бірақ менің жігітім соңғы жылдары Головкинмен жекпе-жекке шыққандардан әлдеқайда жақсы жұдырықтасады. Ол Тайсон сияқты, менталитеті де соған ұқсас. Майк Тайсон - оның кумирі. Майк Тайсондай жұдырықтасқысы келетін, сондай-ақ ол тәрізді күші бар боксшы теледидар үшін көп жасайды», - деді ДиБелла.