Қаза тапқандардың ішінде 2 жүргізуші мен жолақы жинайтын қызметкер де бар. Апат Химачал-Прадеш штатында болған. Алдын ала болжамдарға қарағанда, автобус таулы жолдан төмен құлдилап келе жатқанда тайып кеткен. Қайғылы оқиға болған кезде жаңбыр жауып, жол үсті тайғанақ болғандығы да анықталды. Көлік қатты зақымданып, адам денелері танымастай бүлінген. Сондықтан, мерт болғандардың жеке басын анықтауда қиындықтар туындап отыр, деп хабарлайды 24.kz.
09:02, 28 Қыркүйек 2013
Автобус 180 метрлік биіктіктен құлап, 21 адам ажал құшты
АСТАНА. 28 қыркүйек. ҚазАқпарат - Үндістанда жолаушылар автобусы 180 метрлік биіктіктен құлап, 21 адам қаза тапты.