40 адам зардап шеккен, олардың ішінде үшеуі кәмелеттік жасқа толмаған.
Жол-көлік апатына Урлик елді мекенінде болған шоқыну рәсімінен Читаға қайтып келе жатқандар ұшырады.
Апат болған учаскеде жөндеу жұмыстары жүргізіліп жатқандықтан қоршаулар алынып тасталған, ескерту белгілері болмаған. Петровск-Забайкальский ауданы әкімшілігіндегілер де көліктің трассадағы ең күрделі, 180 градусқа күрт бұрылатын учаскелерінің бірінде 30 метр биіктіктен құлағанын айтуда.
Тергеу комитеті тексеру жұмыстарын бастады. ТЖМ тікұшағы зардап шеккендерді Читаға емдеуге жеткізу үшін Петровск-Забайкальский ауданына ұшып кетті.
РФ Денсаулық сақтау министрлігіндегілер бірнеше адамды тасымалдау мәселесі қаралып жатқандығын хабарлады.