«Автобус» акциясының алғашқы 2 күнінде қоғамдық көліктер тарапынан 4,5 мың жол ережесін бұзу әрекеттері анықталды

АСТАНА. Маусымның 9-ы. ҚазАқпарат /Айдар Оспаналиев/ - Жол полициясының қызметкерлері «Автобус» сауықтыру шарасының аясында 6 шақырым аймақты қамтитын автобус бағыттары бойынша 366 тексеру жүргізді.

Нәтижесінде 531 нормативті-құқықтық акті талаптарын бұзу әрекеттерін анықтады, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Министрлік таратқан мәліметтерге қарағанда, аталмыш акция маусымның 7-і басталды және шара қоғамдық көлік жүргізушілерінің жол ережелерін бұзуларының салдарынан болатын жайсыз оқиғалардың соңғы уақытта күрт артып кетуіне байланысты ұйымдастырылып отыр.

Аталмыш ведомоствоның деректері бойынша, елімізде қоғамдық көлік жүргізушілерінің кесірінен жылына шамамен 370 жол-көлік оқиғалары орын алып, оның салдарынан 60 адам мерт болып, 500 адам дене жарақаттарын алады. Осыған қарай «Автобус» шарасының барысында қоғамдық көлік жүргізушелерінің, әсіресе шағын автобустардың жолда жүру ережелерін өрескел бұзу әрекеттеріне байланысты рейдтер ұйымдастырылуда. Акцияның алғашқы күнінде 4,5 мың жол тәртібін бұзу әрекеттері анықталған.