деп хабарлайды ҚазАқпарат қалалық ІІД-нің жол полициясы басқармасы қызметінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Арақ ішкен және есірткіге еліткен төрт автобус жүргізушісі ұсталған. "Құжаттарды тексеру барысында бір жүргізушінің жүріс-тұрысы күдік келтірді. Ол қатты әбіржіп тұрды. Біз оны медициналық тексеруге жібердік. Дәрігер-нарколог, ол есірткі қолданып көлік жүргізген деген қорытынды берді", деді жол полициясы басқармасы басшысының орынбасары, полиция полковнигі Мұқан Досымбаев.
Ұсталған жүргізушінің айтуынша, ол бірнеше күн бұрын достарымен гашиш тартқан. Ол рөлде болған кезде автобус ішінде оншақты жолаушы болған. Осы жағдайларға орай, мас қалпында көлік жүргізуге рұқсат бергендігі үшін төрт лауазымды тұлға жауапкершілікке тартылған.
Тексеру барысында сонымен қатар, техникалық ақауы бар автобус жүргізген 126 жүргізуші анықталған.
"Шара барысында жол тәртібін бұзушыларға қарсы арнайы жұмыстар жүргізілуде. Барлық автопарктер тексерілді. Автобус және троллейбус парктерінің өкілдерімен түсіндіру шаралары жүргізілді", деді Мұқан Досымбаев.