Жарақат алғандар саны нақтыланып жатыр.Оқиға орнында құтқару операциялары жүргізілуде. Полицияның мәліметтеріне қарағанда, апат кезінде автобуста 41 адам болған. Форталеза қаласынан 115 шақырым қашықтықтағы Канинде елді мекенінің маңында орын алған қайғылы оқиғаның куәгерлерінің айтуынша, автобус жүргізушісі мотоциклмен соқтығысып қалмас үшін тежегішті шұғыл басып қалған. Алайда, ауыр машинаны игере алмай, көлік аударылып кеткен.
01:21, 19 Мамыр 2014
Автобус апаты салдарынан 23 адам ажал құшты
АСТАНА. ҚазАқпарат - Бразилияның солтүстік-шығысындағы Сеара штатында орын алған халықаралық автобустың апаты салдарынан кем дегенде 23 адам ажал құшты, деп хабарлайды ИТАР-ТАСС.