Автобус апатынан 17 адам мерт болды

АСТАНА. ҚазАқпарат - Аргентинада автобус пен жүк көлігінің қарама-қарсы соқтығуының салдарынан кем дегенде 17 адамның өмірі қиылды.

Апат елдің батысындағы Кордоба мен Мендоза қалаларының аралығында орын алды.

Куәгерлердің сөзіне қарағанда, 30 жолаушысы бар автобуста бразилиялық нөмір болған және ол жоғары жылдамдықпен жүрген көреді. Қақтығыстан кейін көліктер отқа оранып, жолаушылардың көбісі автобустан шығып үлгермеген.