Автобус апатынан 18 бала қаза тауып, 44-і зардап шекті

None
БЕЙЖІҢ. 17 қараша. ҚазАқпарат /Руслан Сүлейменов/ - Ганьсу провинциясындағы (Солтүстік-Батыс Қытай) автобус апатының салдарынан 20 адам қаза тауып, 44-і зардап шекті.

Қайғылы оқиға сәрсенбі күні Ганьсу провинциясының Чжэнин уезінің аумағында болды. Көмір тиелген көлік балабақша автобусымен соқтығысып, жүргізуші және 18 сәби қаза тапты. Ауруханаға жеткізілген 44 баланың 12-сі ауыр халде жатыр.

Жергілікті БАҚ-ның хабарлауынша, апатқа автобустың адамға лық толуы себеп болды. 9 орындық автобусқа 64 адамды отырғызған.

Бейсенбі күні ҚХР Білім министрі балаларды тасымалдатын көлік құралдарының барлығын тексеруді тапсырды.