Бұдан бұрын қайғылы оқиға құрбандарының саны 32 деп хабарланған.
Жергілікті биліктің деректеріне сүйенсек, қазір 42 адамның ажал құшқаны расталды, оның ішінде балалар да бар.
Алдын ала деректер бойынша, автобуста 50 жолаушы болған. Апат орнында құтқарушылар бригадасы жұмыс істеуде.
Оқиғаның себептері анықталуда. Бразилиялық G1 жаңалықтар порталының болжамынша, жүргізуші рулді басқара алмай қалған.