Полицияның ресми өкілінің айтуынша, жол апатынан 18 адам зардап шеккен.
Дәрігерлердің сөзіне қарағанда, олардың өміріне қауіп төніп тұрған жоқ. Автобуста 60-қа жуық жолаушы болған. Ол Атланта қаласынан (Джорджия штаты) Чикагоға (Иллинойс штаты) бара жатқан. Алдын ала болжамға қарағанда, автобус жүргізушісі жаңбыр салдарынан жеңіл автомобильді байқамай қалған.