Келеңсіз жағдай Хайлендс округінде болды. Оқушыларды әкеле жатқан автобус жүк көлігіне соқтығысқан. Салдарынан 39 оқушы мінген автобус аударылып кетті.
Екі адам ауыр жарақаттанған, олар - ауруханада.
Полиция оқыс оқиғаның мән-жайын тексеріп жатыр. Алдын ала мәлімет бойынша, апатқа жүк көлігінің жүргізушісі кінәлі. Ол оқушыларды түсіріп жатқан автобусты байқамаған.