Қырғызстан мемлекетті шекара қызметінің БАҚ және қоғаммен байланыс бөлімінің мәліметінше, 9 мамырда «Чон-Капка автожолы» бақылап-өткізу бекетінде шекарашылар рұқсат құжаты жоқ жанармайды анықтаған.
1982 жылғы Қырғызстан азаматы Б.К. Қазақстаннан Қырғызстанға «Ford Transit» маркалы автобусында орналасқан қосымша бактар арқылы рұқсат құжаттары жоқ 1 500 литр дизель отынын өткізбекші болған.
Ұсталушы Қырғызстанның Экономикалық қылмысққа қарсы күрес бойынша мемлекеттік қызметі аумақтық бөлімшелерінің қызметкерлеріне тапсырылды.