Автобус балалар емханасының қоршауын бұзып өтіп, әйел адамды басып кете жаздады

Фото: None
ҚАРАҒАНДЫ. ҚазАқпарат – Бүгін Қарағанды қаласының Пришахтинск ауданында қоғамдық көлік пен жеңіл авто соқтығысты. Жол-көлік оқиғасы салдарынан автобус балалар емханасының қоршауын бұзып өтіп, жаяу кетіп бара жатқан әйелді басып кете жаздаған, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«11 тамыз сағат 9:00-де Қарағандыда 23-ықшам ауданнан 22 ш/а жаққа қарай келе жатқан 26 жастағы жеңіл автокөлік жүргізушісі қарсы қозғалыс жолағына шығып, жолаушылар автобусымен соқтығысқан. Жол-көлік оқиғасы салдарынан автобус медициналық мекеменің қоршауын қағып кетті. Бұл көлік құралының салонында үш жолаушы болған. Олардың бірінің қолы жарақаттанды, оған медициналық көмек көрсетілді», - деп хабарлады Қарағанды облысы ПД баспасөз қызметінен.

Жол-көлік оқиғасының видеосы әлеуметтік желілерде пайда болды. Онда қатты жылдамдықпен келе жатқан жеңіл автокөлік қарсы жолаққа шығып кетіп, жолаушылар автобусымен соқтығысқанын көруге болады. Алдын ала мәліметтер бойынша жеңіл көлік жүргізушісі рөлге ие бола алмай қалған.

Сондай-ақ, видеодан оқиға болғанға дейін бірнеше секунд бұрын балалар емханасының аумағында бір әйелдің өтіп бара жатқанын көруге болады. Оны автобус қағып кетуі мүмкін еді. Әйел аман.

Қазіргі уақытта тәртіп сақшылары жол-көлік оқиғасының мән-жайын анықтап жатыр. Тиісті сараптамалар тағайындалды, олардың нәтижелері бойынша іс жүргізу шешімі қабылданады.





Видеодан алын ғ ан кадр

Соңғы жаңалықтар