Автобус газ құбыры желісін зақымдады

АСТАНА. ҚазАқпарат – Ресейде Төменгі Новгород-Туапсе бағыты бойынша бет алған жолаушылар автобусы түнгі екілерде Липецкий облысының Чаплыгин қаласында жеңіл көлікпен соқтығысып қалды, деп хабарлады өңір бойынша ТЖМ ММ.

Жол көлік оқиғасынан ешкім зардап шеккен жоқ, деп хабарлады Gorod48.ru. порталы.

Газ құбыры желісі зақымданғаны хабарланды, салдарынан бірнеше ондаған жеке тұрғын үй газсыз қалды.