Associated Press хабарлағандай, жол көлік оқиғасы Непалдың астанасы Катмандудан батысқа қарай 150 шақырым жерде орын алған. Алдын ала деректерге сүйенсек, көлік жүргізушісі алдынан жүгіріп өткен балаларды соғып кетпеу үшін жоғары жылдамдықпен келе жатқан автобусты шұғыл тоқтатуға мәжбүр болған. Салдарынан автобус көпірдің жақтауына соғылып, өзенге құлаған.
Қазір оқиға орнында іздеу-құтқару жұмыстары жүргізіліп жатыр.