ИАНС ақпараттық агенттігінің хабарлауынша, 16 адам қаза тауып, 58-і жарақаттанған.
Зардап шеккендердің бірінің айтуынша, жүргізуші өз телефонының нөмірлерін теріп жатқан сәтте көлік жолдан шығып кеткен. Салдарынан тоғыз адам оқиға орнында ажал құшқан, ал екеуі ауруханаға барар жолда, бесеуі медициналық мекемеде көз жұмды.
Автобус жолаушыларға лық толы болған.