Автобус шатқалға құлап, 15 адам қаза тапты

None
АСТАНА. ҚазАқпарат - Перуандық Анд орталығында автобус шатқалға құлап, кемі 15 адам қаза тапты. Бұл туралы жексенбіде жергілікті билікке сілтеме жасап Agence France-Presse (AFP) хабарлады.

Оның ақпаратына сәйкес автобус салонында 22 адам болған. 15 адамның мүрдесі жергілікті ауруханаға жеткізілді. Ал қалған жолаушылардың жағдайы белгісіз.

Оқиғаға   өңірдегі ауа райының қолайсыздығы себеп болғаны айтылады.