Автобус теңізге құлап, 16 адам ажал құшқан апаттың видеосы жарияланды
15:51, 25 Тамыз 2017
АСТАНА. ҚазАқпарат - РФ Краснодар аймағында құрылысы жүріп жатқан пирстен теңізге құлаған автобустағы адамдардың 16-сы мерт болды.
Бұл туралы Краснодар аймағы бойынша Төтенше жағдайлар министрлігі Бас басқармасынан хабарлады.
«16 адам мерт болды, 24-і құтқарылды, оның ішінде сегіз зардап шеккен тұрғын ауруханаға жатқызылды», - деді ТЖМ аймақтық басқармасының өкілі.
Бұдан бұрын автобуста 38 адам болғаны жайлы айтылған болатын. Оқиға орнында іздестіру жұмыстары жалғасып жатыр.