Автобус жарға құлап кетті: 8 адам қаза тауып, 31-і зардап шекті

None
АСТАНА. ҚазАқпарат - Боливиялық Кочабамба қаласынан көрші Санта-Крус департаментіне бет алған автобус жардан құлап кетіп, 8 адам қаза тапты, 31-і зардап шекті.

Кочабамба департаменті полициясының басшысы Роналд Санчес  автобус тереңдігі 150 метр жыраға түсіп кеткенін мәлім етті, деп хабарлады ТАСС. Апатқа техникалық ақау себеп болуы мүмкін.